Әблязовтің адвокаты Мәскеуде екі айға қамалды

Фотография - Әблязовтің адвокаты Мәскеуде екі айға қамалды

Мәскеудің Тверь аудандық соты қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің адвокаты Елена Тищенконы екі айға қамауға ордер шығарды

159 0

Мәскеудің Тверь аудандық соты қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің адвокаты Елена Тищенконы екі айға қамауға ордер шығарды.

Адвокат 31 қыркүйекте Франциядан Мәскеуге келген бойда ұсталған еді. Ол "Әблязов Қазақстаннан заңсыз шығарған үш миллиард АҚШ долларын жымқырды" деген күдікке ілініп отыр. Тергеу деректері бойынша, Тищенко Мәскеуде Әблязовтің "қылмыстық жолмен иемденген мүліктерін заңдастырумен айналысқан". Елене Тищенко - Украина азаматы және Францияда тұруға рұқсат алған.

Мұхтар Әблязов 31 шілдеде Францияның оңтүстігінде Украинаның сұрауы бойынша ұсталған еді. Оны "ірі көлемде қаржы жымқырды" деп Қазақстан мен Ресей де сұратқан. Қазақстан билігі Әблязовті "5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды" деп айыптайды.

2005-2009 жылдары "БТА банк" директорлар кеңесінің төрағасы болған Мұхтар Әблязов 2009 жылы банк мемлекет меншігіне өткен соң шетелге шығып кетіп, Лондонға қоныстанған. Ұлыбритания оған 2011 жылы саяси баспана берген еді.

Қазақстан үкіметі Әблязовты 5 миллиардқа жуық АҚШ долларын жымқырды деп айыптап, ұлыбританиялық сотқа жүгінген. 2012 жылғы ақпанда Лондон соты Мұхтар Әблязовты «сотты құрметтемегені» үшін 22 айға қамауға алып, активтерін құрсаулауға үкім еткен еді. Онымен келіспеген Әблязов 2012 жылы наурызда апелляциялық шағым жазған. 2012 жылы қараша айында Ұлыбританияның апелляциялық соты ақпанда шығарылған шешімді күшінде қалдырған - деп хабарлады  azattyq.org

Мұхтар Әблязовқа қарсы Ресейдің заң орындары да қылмыстық іс қозғап, 2010 жылы Мәскеу соты оны тұтқынға алу туралы сырттай үкім еткен.

Әзірге Франция соты Әблязовты абақтыда ұстап отыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!