ОҚО-да құны 15 миллион теңге тұратын мал ұрлаған ер адамдар ұсталды

Фотография - ОҚО-да құны 15 миллион теңге тұратын мал ұрлаған ер адамдар ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда аймақ тұрғындарынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын қара мал ұрлаған ағайындылар ұсталды

135 0

Оңтүстік Қазақстанда аймақ тұрғындарынан жалпы құны 15 миллион теңге болатын қара мал ұрлаған ағайындылар ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер малды табынымен айдап алып кеткен.

Ұсталған ағайындылардың бірі 1972 жылы, екіншісі 1982 жылы туған. Олар өздерінің бұл іске үлкен ағасының балаларының біріне ота жасауға ақша қажет болғандықтан барғандарын айтты.

Жалпы есеп бойынша, ұсталғандар 60 бас қара малды ұрлаған. Ұрланған малдың бір бөлігі иелеріне қайтарылды - деп хабарлады inform.kz/

ҚР ҚК 175-бабы «Аса ірі көлемде ұрлық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!