Қаржы полициясы «ҚТЖ» ҰК еншілес кәсіпорнының бұрынғы топ-менеджерін ұстады

Фотография - Қаржы полициясы «ҚТЖ» ҰК еншілес кәсіпорнының бұрынғы топ-менеджерін ұстады

Кеше Қаржы полициясы агенттігіндегі «Транстелеком» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып табылады) бұрынғы бірінші вице-президенті Абдрахманов жауап беруден кейін ұсталды

181 0

Кеше Қаржы полициясы агенттігіндегі «Транстелеком» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып табылады) бұрынғы бірінші вице-президенті Абдрахманов жауап беруден кейін ұсталды. Қазіргі кезде ол «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры - «Корпоративтік сатылым дирекциясы» филиалының директоры болып табылады, деп хабарлады ҚР Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз қызметінен.

Оған 2006 жылы «Транстелеком» АҚ бірінші вице-президенті болған кезінде, өз қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, «КТ&Т» ЖШС-мен консорциалдық келісім-шартқа заңсыз қол қойып, мемлекетке 4,1 млрд. теңге залал келтірген деп күдік тағылуда.

Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ мен «KT&T» ЖШС арасындағы келісімшарт жалған мәміле болып табылады. Ол мемлекеттің 4,1 млрд. теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп соққан.

Ағымдағы жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасымен аталмыш консорциалдық келісімшарт жарамсыз деп танылды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Бүгінгі күні Абдрахмановқа қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

Тергеу жүргізілуде, нәтижелері жұртшылыққа жария етілетін болады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!