Теміртауда естірткінің бірнеше түрін саудалаған күдікті құрықталды

Фотография - Теміртауда естірткінің бірнеше түрін саудалаған күдікті құрықталды

Теміртауда түрлі есірткі заттарымен Қарағанды облысының азаматы ұсталды

245 0

Теміртауда түрлі есірткі заттарымен Қарағанды облысының азаматы ұсталды.

«Қарағанды облысы ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің 35 жастағы Теміртау қаласы тұрғынының пәтерінде жүргізген тінту шаралары кезінде балконнан 9 полимерлік пакет табылды. Сараптама нәтижесі тәркіленіп алынған пакеттерде 950 граммнан астам героин, 1 келіге тарта гашиш және 15 граммдай марихуана секілді есірткі заттары сақталғандығын көрсетті», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде.

Жедел ақпарат бойынша, ұсталған азамат есірткі заттарын Теміртау қаласына тасымалдаумен әрі сатумен айналысып келген. Қазіргі таңда есірткі заттарын тасымалдау арнасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру, арнайы және тергеу кешенді шаралары жүргізілу үстінде.

Күдікті тергеу изоляторына жабылып, қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!