Қызылорда облысында есігінің алдына есірткі шөбін еккен «егінші» ұсталды

Фотография - Қызылорда облысында есігінің алдына есірткі шөбін еккен «егінші» ұсталды

Қызылорда облысы Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Бесарық ауылында ауласындағы бау-бақшаға есірткі шөбін еккен тұрғынды ұстады

163 0

Қызылорда облысы Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Бесарық ауылында ауласындағы бау-бақшаға есірткі шөбін еккен тұрғынды ұстады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Тексеру барысында Сырдария ауданының 1972 жылы туған тұрғыны үй ауласындағы бақша ішінде 139 түп жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдігін егіп қойғандығы және кептіріп жайғандығы белгілі болды», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері айғақ заттарды алып, сараптамаға жіберген. Сараптама қорытындысы бойынша алынған шөптердің барлығы «сора» өсімдігі екендігі белгілі болды.

«Қазіргі таңда күдікті азамат Сырдария АІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Егер күдіктінің қылмысы толық дәлелденсе, онда оған сот шешімімен үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін», - деді баспасөз қызметіндегілер.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!