Алматы облысында малшы ауыл бақташысын атып өлтірді

Фотография - Алматы облысында малшы ауыл бақташысын атып өлтірді

Полиция қызметкерлері Алматы облысында ауыл бақташысын атып өлтірген 56 жастағы малшыны ұстады

243 0

Алматы облысында малшы ауыл бақташысын атып өлтірді, деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

«Полиция қызметкерлері Алматы облысында ауыл бақташысын атып өлтірген 56 жастағы малшыны ұстады. Ол қылмысты үнемі кемсітіп, өзін ол үшін жұмыс істеуге мәжбүрлеген жәбірленушінің тарапынан үздіксіз қысым көруінің салдарынан жасағанын түсіндірді», - деді Н.Ораз Астанада өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, облыстың Ескелді ауданының тұрғыны, 55 жастағы бақташының мәйітін мойынын тесіп өткен бытыралы оқ тиген жарақатымен күзет фирмасының жұмысшысы тауып алған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұтқынға алынды, деп хабарлайды ҚР ІІМ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!