Ресейден аса ауыр қылмыс істеген Астана тұрғыны экстрадицияланды

Фотография - Ресейден аса ауыр қылмыс істеген Астана тұрғыны экстрадицияланды

Ресей Федерациясынан елорда аумағында аса ауыр қылмыс жасаған Астана қаласының тұрғыны экстрадицияланды, деп хабарлады қаланың ІІД.

204 0

Ресей Федерациясынан елорда аумағында аса ауыр қылмыс жасаған Астана қаласының тұрғыны экстрадицияланды, деп хабарлады қаланың ІІД.

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Астана қаласының ІІД жедел басқару орталығына «Евразия» СҮ маңындағы жатақхана подъезінен күштеп өлтірілген ер адамның мәйіті табылды деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына көп кешікпей Астана қаласы ІІД жеке тұлғаға қатысты қылмыстарды тергеу бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы шықты. Жедел шаралардың барысында олар қылмыскердің кім екендігін анықтады. Оның наркологиялық есепте тұрған Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны екендігі белгілі болды. Қылмыстық жазадан құтылу үшін айыпты дәл сол күні Қазақстан Республикасынан кетіп қалған.

Жедел іздеу шаралараның барысында полиция қызметкерлері күдіктінің РФ Калининград қаласында жасырынып жүргенін анықтады. Астана қаласының ІІД Тергеу басқармасының қызметкерлерімен оған халықаралық іздеу жарияланды.

Ресей Федерациясы құқыққорғау органдарының өкілдерімен күдіктіні ұстауға қатысты бірлескен жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылдың 16 наурызында күдікті РФ құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен Калининград қаласында ұсталды.

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Минск конвенциясына сай, күдікті ҚР экстрадицияланды. Елордаға ол арнайы қарауыл жасағымен жеткізілді.

Тергеу барысында күдікті бұлтартпайтын дәлелдер мен айғақтарға қатысты аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады. Ол ағымдағы жылдың 10 наурызы күні «Евразия» СҮ маңындағы жатақхана подъезінде өзімен бірге тұрып жатқан жас жігітпен сөзге келіп қалғанын және оның соңынан оған екі рет пышақ сұғып алғанын айтқан. Алған жарақаттардан зардап шегуші оқиға орнында жан тапсырған. Күдікті сонымен қатар осы дауды араласып, тоқтатпақ болған көршісін жаралаған.

Жасалған қылмыс бойынша ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 96-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!