«ҚТЖ» ҰК Теміржол әскери күзетінің лауазымды тұлғалары сотталды

Фотография - «ҚТЖ» ҰК Теміржол әскери күзетінің лауазымды тұлғалары сотталды

Бірінші сатыдағы сотпен мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға «Теміржол әскери күзеті» АҚ экономика және қаржы бойынша вице-президенті Шыныбеков, «Теміржол әскери күзеті» АҚ Семей филиалының бөлім бастығы Сахариев, есепшілері: Кенжин мен Төрегелдинова сотталды.

364 0

Аталған филиалдың бас есепшісі Аленова 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы полициясы олардың 2006-2012 жылдар аралығында еңбек төлемі қорын арттыру жолымен кәсіпорынның 236,4 млн. теңгесін ұрлағандығын дәлелдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оған қоса тексеріс нәтижесінде қаржы полициясы органдарымен «Теміржол әскери күзеті» АҚ өзге де аумақтық филиалдарында бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықтады. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып тергелуде.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті «Теміржол әскери күзеті» АҚ Алматы қаласындағы филиалының есепшілеріне қатысты кәсіпорынның 4 млн.теңгесін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті «Теміржол әскери күзеті» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты кәсіпорынның 400 мың теңгеден астам ақшалай қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!