Қасқырды жалаң қолмен буындырып өлтірді

Фотография - Қасқырды жалаң қолмен буындырып өлтірді

Маңғыстау облысында адамға қасқыр шапты. Бұрын полицей болған азамат хайуанды жалаң қолмен буындырып өлтірген

164 0

Маңғыстау облысында адамға қасқыр шапты. Бұрын полицей болған азамат хайуанды жалаң қолмен буындырып өлтірген.

Оқиға Қарақия ауданының Жетібай ауылында «Қайсарсервис»ЖШС ғимаратынан бірнеше шақырым жерде болған.

«Көліктен шыққаным сол еді артымнан белгісіз бір хайуан бас салды. Әуелде ит екен деп ойладым. Кейіннен онымен алысып жатып қасқыр екенін байқадым», - дейді ауыл тұрғыны Дәулет Түйешиев.

Көкжал Дәулеттің артқы жағынан жармасып, аяқ-қолын шайнап тастаған. Өліспей беріспеуді шешкен азамат бөрінің тамағына жармасады. Біршама уақыт бұлқынған хайуан қарулы қолдан сытыла алмай сол жерде жан тапсырады - деп хабарлады baq.kz

Жараланған Түйешиев ешкімнің көмегіне жүгінбей ауруханаға өз аяғымен жетеді. Ауыл тұрғындары кейіннен қасқырдың денесін өртеп жіберген.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!