Түркістанда бильярд клубында атыс болды

Фотография - Түркістанда бильярд клубында атыс болды

Түркістандағы бильярд клубында мылтық атылып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

256 0

Түркістандағы бильярд клубында мылтық атылып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Түркістан қалалық ІІБ-нің кезекші бөліміне қаладағы бильярд клубында атыс болды деген хабар келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы, белгісіз жастар бильярдтағыларға оқ атқан, үш жергілікті тұрғын түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Көзінен оқ тиген 23 жастағы жігіт ауруханада қайтыс болған. Қалған 1981 мен 1986 жылғы екі жігіт жеңіл жарақат алған», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің бірі 22 жастағы жігітті қолға түсірді. Тергеу кезінде анықталғандай жастар арасында келіспей қалып соңы төбелеске ұласқан. Күдікті бильярдқа келіп ондағыларды досын ренжіткендер деп ойлап, қос ұңғылы мылтықпен екі рет оқ атқан. Содан кейін қашып кеткен. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 96 бабы «Кісі өлтіру», 257 бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалған: Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!