Іле тас жолында жас жігіт көлік астына түсіп қаза болды (фото)

Фотография - Іле тас жолында жас жігіт көлік астына түсіп қаза болды (фото)

Жұмаға қараған түні МАЭС маңында жаяу жүргінші қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz  тілшісі.

223 0

Жұмаға қараған түні МАЭС маңында жаяу жүргінші қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz  тілшісі.

20 жасар жас жігіт жолды белгіленбеген жерден өтпек болған кезде оны солтүстікке бет алып келе жатқан жол талғамайтын көлік қағып кеткен. Көлік оқиға болған жерден ізін жасырған.

Жаяу жүргіншіні қаққан «Хонда» автокөлігі таңға жуық табылды. Жүргізушінің түсіндіруі бойынша, ол болған оқиғадан шошығандықтан қашып кеткен.

«Хонда» айып тұрағына қойылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!