Өскеменде анасы бір жасар баласын көшеде тастап кеткен

Фотография - Өскеменде анасы бір жасар баласын көшеде тастап кеткен

Бір жастағы қызын көшеге тастап кеткен әйел бұл әрекетін баласын тамақтандыратын ештеңе жоқ деп түсіндіреді, сол себепті ол баланы балалар үйінің жанына тастап кеткен екен

162 0

Бір жастағы қызын көшеге тастап кеткен әйел бұл әрекетін баласын тамақтандыратын ештеңе жоқ деп түсіндіреді, сол себепті ол баланы балалар үйінің жанына тастап кеткен екен.

Осыған дейін хабарланғандай, тамыз айының соңында Өскемен қаласының тұрғыны КШТ шағынауданындағы аулалардың бірінен қараусыз қалған баланы тауып алып, оны полицияға алып барған. Полиция сәбиді балалар үйіне жіберіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баланың ата-анасын белсенді іздеуге кіріскен. Бірқатар уақыт өткеннен кейін 26 жастағы әйел теледидардан өзін іздеп жатқан хабарландыруды көріп, өзі келген. Тұрақты мекен-жайы жоқ, жұмыссыз жас әйел баланы алып кетпейтінін және балалар үйінің жанына қызын біреу көмектесер деген үмітпен қалдырып кеткенін айтқан. Анықталғандай, қыздың анасының өзі балалар үйінде тәрбиеленген екен.

Қазір полиция қылмыстық іс қозғау және ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастырып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!