Дәмханадағы жанжал салдарынан ер адам мерт болды

Фотография - Дәмханадағы жанжал салдарынан ер адам мерт болды

Қарағанды қаласындағы облыстық аурханаға кеуде тұсынан пышақпен жарақаттанған 23 жастағы жігіт жеткізілді, ол есін жинамаған күйі тіл тартпай кетті

136 0

Қарағанды қаласындағы облыстық аурханаға кеуде тұсынан пышақпен жарақаттанған 23 жастағы жігіт жеткізілді, ол есін жинамаған күйі тіл тартпай кетті.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында Михайловск бөлімінің полиция қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адам 8 қыркүйек күні қаладағы дәмханалардың бірінде жанжал салдарынан жәбірленушіге пышақ салғанын айтты. Қылмыстық айғақ ретінде пышақ алынды. Күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!