Алматы полицейлері ЖОО-ға грант сатқан алаяқты ұстады

Фотография - Алматы полицейлері ЖОО-ға грант сатқан алаяқты ұстады

Алматы полицейлері ЖОО-ға грантқа түсіруге уәде беріп, халықтан ақша алған кезекті алаяқты ұстады, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

211 0

Алматы полицейлері ЖОО-ға грантқа түсіруге уәде беріп, халықтан ақша алған кезекті алаяқты ұстады, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Белгілі бір сома үшін 35 жастағы ер адам студенттерді төлеп оқитын бөлімнен «грантқа» ауыстыру мәселесін шешіп беремін деп алдап келген. Сонымен қатар, ол ҰБТ-дан өте алмағандарды университетке оқуға түсіруге уәде берген. Делдал қызметі үшін ол 1-ден 5 мың АҚШ долларына дейін ақша алып отырған. Бүгінгі таңда Алмалы аудандық ІІБ-на оның атына 25 арыз түскен. Келтірілген залалдың мөлшері анықталып жатыр. ҚР ҚК 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!