Алматыда адам қағып өлтірген студент ұсталды

Фотография - Алматыда адам қағып өлтірген студент ұсталды

 Алматы полициясы адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан 3-курс студентін ұстады, деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

159 0

 Алматы полициясы адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан 3-курс студентін ұстады, деп хабарлайды Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы биылғы жылдың 4 қыркүйегінде Солтүстік айналма көшесі бойында болған. Белгісіз автокөлік Солтүстік айналма көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып «Талғат» дәмханасының қарсы бетінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Зардап шеккен 32 жастағы жігіт ол кезде әлі тыныс алып жатқан. Дегенмен, жүргізуші алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына жол-көлік оқиғасы болған жерден дереу ізін жасырған. Содан кейін, бірнеше ауыр жарақат алған жардап шегуші жігіт №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіледі. Біраз уақыттан кейін ол аурухана төсегінде жан тапсырған», - дейді Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы іздеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Мадияр Омаров.

Шұғыл іздестіру шаралары кезінде іздеу жарияланған жүргізуші көлігімен бірге Боралдай елді мекенінен табылды. Ол Алматыдағы беделді жоғары оқу орындарының бірінің 3 курс студенті болып шықты. Оңтүстік Қазақстан облысынан Алматыға білім алуға келген.

«Қазіргі таңда ол айыбын толығымен мойындап отыр», - деп толықтырды полиция майоры Мадияр Омаров.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!