Қарағандыда үйдің ауласынан граната табылды

Фотография - Қарағандыда үйдің ауласынан граната табылды

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков хабарлады.

168 0

Қарағанды қаласының 13-ші шағын ауданындағы үйдің ауласынан граната табылды. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков хабарлады.

«Қарағандының 13 шағын ауданындағы үйдің ауласынан қала тұрғыны гранатаға ұқсас зат тауып алды. Ол жерге дереу жеткен мамандар табылған зат «Ф-1» оқу-жаттығу гранатасы екенін анықтады», - деді Ж.Сембеков.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының ІІБ-ге 54-жастағы ер адам келіп, 7,62 мм калибрлі автоматтың 99 дана оғын өз еркімен тапсырды. Ол оқ-дәрілерді «Нұра» өзенінің жанынан тауып алғанын айтқан. Барлық қажетті сараптамалар белгіленді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!