Демалыс күндері Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 3 контрабанда фактісінің жолы кесілді

Фотография - Демалыс күндері Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 3 контрабанда фактісінің жолы кесілді

Демалыс күндері «Қызыләскер» шекара заставасының шекара жасағы шекарадан 15 шақырым жерде Қазақстанның үш азаматын ұстады

151 0

Демалыс күндері «Қызыләскер» шекара заставасының шекара жасағы шекарадан 15 шақырым жерде Қазақстанның үш азаматын ұстады.

Ер адамдар Бозсу каналы арқылы Қазақстаннан Өзбекстанға халық тұтынатын 1 тонна тауарды тиеп, алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тағы бір контрабанда фактісінің жолы Қордай шекара отрядында «Қайнар» шекара бекетінен 7 жақырым жерде кесілді. Мұнда шекарашылар жасағы 1,5 тонна киім-кешегі бар «Митсубиси-Делика» автокөлігін ұстады. Көлік жүргізушісі Қырғызстан аумағында жасырынып қалды, ал Қазақстан жағынан оны «Митсубиси Паджеро» күтіп тұрған.

Дәл осы шекара отрядында «Қордай авто» өткізу пунктінде Қазақстаннан «Лексус» көлігімен шыққан Қырғызстан азаматын ұстады. Одан 12 000 АҚШ доллары, 200 900 теңге және 1000 сомнан артық көлемде декларацияланбаған ақша сомасы табылды.

Мемлекеттік шекараны бұзу фактісі бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!