Садақа жәшігіне қол салған оқушы ұсталды

Фотография - Садақа жәшігіне қол салған оқушы ұсталды

Ақмола облысы Целиноград ауданы Тасты ауылында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрламақ болған оқушы ұсталды

183 0

Ақмола облысы Целиноград ауданы Тасты ауылында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрламақ болған оқушы ұсталды. Бұл жайында облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларына ауыл мешітінің имамы шағымданған. Ол садақа жәшігінің күшпен ашылғандығын байқап, дереу полиция бөліміне хабар беріпті.

Істі тексерген құқық қорғаушылар бесінші сыныпта оқитын баланы қолға түсірді. Ол өзінің ұрлыққа барғандығын сол сәтте-ақ мойындаған.

Қазіргі таңда жеткіншек ата-анасының ерекше қарауына алынды.

Естеріңізге салайық, осыдан бірер жыл бұрын да Оңтүстік Қазақстан облысында осыған ұқсас оқиға орын алған болатын. Бәйдібек ауданы Шаян ауылындағы мешіттің садақа жәшігін ол кезде имамның өзі тонаған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!