Екі жол апатынан үш адам мерт болды

Фотография - Екі жол апатынан үш адам мерт болды

Баянауыл-Майқайың жолының бойында жетінші қыркүйек күні «Lexus RX 300» аударылды

201 0

Баянауыл-Майқайың жолының бойында жетінші қыркүйек күні «Lexus RX 300» аударылды.

Апат салдарынан көліктің жолаушысы - 1950 жылы туған әйел алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды. Жүргізуші алған жарақаттардан кейінірек ауруханада көз жұмды. 1980 жылы туған екінші жолаушы жарақаттанды - деп хабарлады ҚазАқпарат

Осыған ұқсас жол апаты тоғызыншы қыркүйек күні Қалқаман-Баянауыл жолының бойында да орын алды. 1985 жылы туған «Audi-С4» жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылған. Апат салдарынынан 30 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Тексерістер жүргізіліп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!