Аттестациядан өте алмаған полицей көлік ұрламақ болды

Фотография - Аттестациядан өте алмаған полицей көлік ұрламақ болды

Алматыда экс-полицей көлік ұрламақ болған кезінде қолға түсті.

155 0

Алматыда экс-полицей көлік ұрламақ болған кезінде қолға түсті.

Қарақшылық шабуыл Сейфуллин көшесінің бойындағы үйлердің ауласында бүгін таңда орын алды. Телеарна хабарлағандай, Сhevrolet көлігіне екі ер азамат пен бір қыз баласы келіп, терезесін ұрып сындырған. Олар көлік иесін тапаншамен қорқытып, мүлкін тартып алған көрінеді.

Дегенмен, ұрланған көлікпен әлгі үшеу ұзаққа бара алған жоқ. Оқиға орнынан бой тасаламақ болған оларды дереу жеткен тәртіп сақшылары ауладан шығар жолда құрықтады.

Кейінірек белгілі болғандай, 1983 жылы туылған күдіктілердің бірі бұрын полицияда қызмет еткен екен. Ол аттестациядан өте алмай, өз еркімен құқық қорғау органдары қатарынан шыққан. Қазіргі таңда полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!