Астанада Түмен қаласында кісі өлтірген Шешенстан Республикасының азаматы ұсталды

Фотография - Астанада  Түмен қаласында кісі өлтірген Шешенстан Республикасының азаматы ұсталды

Астанада елордалық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының аумағында ауыр қылмыс жасаған Шешенстан Республикасының азаматын ұстады

319 0

Астанада елордалық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының аумағында ауыр қылмыс жасаған Шешенстан Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы Астананың ІІД баспасөз қызметінен хабаралады.

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Ресей Федерациясының Түмен қаласында 19 жастағы Шешенстан Республикасының азаматы Шаипов Асламбек Кюриевич жанжал кезінде 1991 жылы туған Б. есімді азаматты пышақпен жарақаттаған.

Аталған факті бойынша РФ ҚК 105-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 қыркүйек күні арнайы жедел іздеу шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ІІД тергеу басқармасының қызметкерлері іздеу жарияланған Шаипов А.К есімді азаматты ұстады.

Қазіргі уақытта РФ Шешенстан Республикасының азаматы Шаипов А.К. Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!