ОҚО-да жас қыздарды сауна клиенттеріне ұсынған жеңгетай ұсталды

Фотография - ОҚО-да жас қыздарды сауна клиенттеріне ұсынған жеңгетай ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда сауна клиенттеріне жас қыздарды ұсынған жеңгетай ұсталды

995 0

Оңтүстік Қазақстанда сауна клиенттеріне жас қыздарды ұсынған жеңгетай ұсталды.

Қонақ үй кешені саунамен бірге Мақтаарал ауданының Жетісай қаласында орналасқан. ОҚО ІІД ҰҚКБ қызметкерлері «СОБР» арнайы бөлімімен бірлесіп, 1967 жылы туған әйелді ұстады. Ол саунаға келушілерден ақша алып, оның орнына оларға қыздарды жеткізіп тұрған. Тәртіп сақшылары әйелдің соңғы екі жыл бойы жеңгетайлықпен айналысып келгенін анықтады.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 271-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыс аумағынан 18 жеңгетайлық фактісін анықтаған. Олардың 17-сі сот қарауына жіберілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!