Жол полициясының көз алдында көлік ұрланды

Фотография - Жол полициясының көз алдында көлік ұрланды

Алматыда жол полиция қызметкерлерінің көз алдында көлік ұрланды. Оқыс оқиға Момышұлы мен Абай көшелерінің қиылысында 15 қыркүйек күні орын алған

136 0

Алматыда жол полиция қызметкерлерінің көз алдында көлік ұрланды. Оқыс оқиға Момышұлы мен Абай көшелерінің қиылысында 15 қыркүйек күні орын алған.

Жол сақшылары құжаттарын тексеру мақсатында аталған жолайрықта Toyota Camry 50 маркалы автокөлікті тоқтатады. Көлік иесі салоннан түсіп, полиция қызметкерлерімен сөйлесіп тұрған шағында белгісіз біреу келіп, оталып тұрған көлікті айдап кеткен. Алғашында жол сақшылары күдіктіні жүргізушінің танысы шығар деп мән бермеген екен. Ал, көлік иесі болса керісінше, "темір тұлпарды" полицейлердің бірі тізгіндеген болар деп ойлаған. Көліктің ұрланғанын олар құжаттарды тексеріп болғаннан кейін ғана біліпті. Алайда, бұл сәтте ұры оқиға орнынан қашып үлгерген болатын. Жол полиция қызметкерлері күдіктіні алысқа ұзатпай қолға түсірді.

Күдіктінің неліктен мұндай қадамға барғандығы әлі хабарланған жоқ. Бірақ ол көлік иесінен сол жерде кешірім сұрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!