Апат салдарынан Астананың сол жағалауындағы тұрғындардың жартысы сусыз қалды

Фотография - Апат салдарынан Астананың сол жағалауындағы тұрғындардың жартысы сусыз қалды

Астанада Есіл ауданында Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолы қиылысында көлемі 600 мм болатын құбыр жарылды

181 0

Астанада Есіл ауданында Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолы қиылысында көлемі 600 мм болатын құбыр жарылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне «Астана Су Арнасы» МКК баспасөз қызметінен хабарлады.

«Су желілеріне «Қазэлектромонтаж» ЖШС қазба жұмыстарын жүргізу кезінде зақым келген. Хабарлама «Астана Су Арнасының» диспетчерлік орталығына 10:30 сағатта келіп түсті. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК су тоқтатылды және жөндеу жұмыстары жүруде. Апат салдарынан Қараөткел-2 шағын ауданы, Комсомольский мен Жағалау тұрғын үй кешендері және Ильинка елдімекені сусыз қалды. Апат жақын уақыттары жойылатын болады», - деп атап өтілген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!