Мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды

Фотография - Мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды

Таяуда қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген балықшыларды ұстады

356 0

Таяуда қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген балықшыларды ұстады.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Ми-8» тікұшағы әдеттегідей браконьерлік іс-қимыл жиі байқалатын аудандарды барлап жүрген болатын. Көп ұзамай, Атырау - Қаратон - Прорва - Атырау бағытында шекара сақшылары теңіз бетінен үш моторлы «Байда» тектес жүзу құралын байқады. Шекарашылардың тоқтау туралы талабына олар құлақ аспастан, керісінше қашып құтылуға тырысты.

Тез арада жанармай құйып, аталған аймаққа қайта оралған тікұшақ, оларды тоқтату үшін шұғыл іске кірісті. Заңсыз балықшылардың тіпті тоқтайтын түрі байқалмаған соң, тікұшақ теңіз бетіне дейін жақындап келіп, қару қолдануға мәжбүр болды. Іс-шара нәтижелі аяқталды деп айтуға болады, арада көп уақыт өтпестен жүзу құралы шекарашылардың бағынысына өтті. Мемлекеттік шекараны бұзған 6 шекарашы ұсталды.

Шамалы уақыттан кейін «Ремонтная шалыга» аумағында заңсыз жүрген екі адамы бар екі моторлы екінші жүзу құралы да ұсталды. «Ми-8» тікұшағының берген бағдары бойынша «Егемен» шекаралық катері келіп, шекара бұзушыларды Ақтау портына алып кетті.

Осылайша, браконьерлікпен айналысып жүрген барлық 8 шекара бұзушылар ұсталды. Іс-шара барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!