Астананың құрылыс алаңдарында бір адам мерт болды

Фотография - Астананың құрылыс алаңдарында бір адам мерт болды

Елорданың Есіл ауданында «Жағалау-3» ТК-де құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қайғылы оқиға орын алды

267 0

Елорданың Есіл ауданында «Жағалау-3» ТК-де құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қайғылы оқиға орын алды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жетінші қабаттағы биіктіктен құлаған 30 жастағы арматурашы оқиға орнында жан тапсырды.

Екінші қайғылы оқиға Астананың Есіл ауданындағы «Саранда » VIP қалашығында болды. Мұнда жекелеген жұмыстарды жүргізу кезінде екінші қабаттағы биіктіктен құлаған 37 жастағы сылақшы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Кезекті биіктіктен құлау Ақжол көшесінің бойындағы индустриалды паркте болды. Оптикалық құралдар дайындайтын зауытта желдеткіш құрылғыны монтаждау кезінде бес метрлік биіктіктен құлаған 20 жастағы монтаждаушы ауруханаға жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!