Алматыда ондаған оқушы астан уланған

Фотография - Алматыда ондаған оқушы астан уланған

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде тағамнан уланған деген күдікпен отыздан аса оқушы дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

226 0

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде тағамнан уланған деген күдікпен отыздан аса оқушы дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Науқастардың алды өткен аптаның соңында денсаулық жағдайына шағым айтқан. Алматыдағы балалар жұқпалы ауруханасына жеткізілген балалардың барлығы - бастауыш сынып оқушылары. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, іштері өткен. Әзірге дерттің себебі анықталған жоқ.

Балалар оқитын мектеп асханасы жабылып, қазір санитарлық дәрігерлер оны тексеріп жатқаны хабарланды.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!