6 айлық нәрестесін сатып жіберген әйел ұсталды

Фотография - 6 айлық нәрестесін сатып жіберген әйел ұсталды

Алты айлық сәбиін сатып жіберген қатыгез анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

102 0

Алты айлық сәбиін сатып жіберген қатыгез анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Бурабай ауданының 19 жасар тұрғыны бауыр еті баласын Щучинск қаласының 48 жасар тұрғынына 3 мың долларға сатқан. Бұл деректі Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері анықтады», - деп хабарлады Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің мамандары.

Құқық қорғау органдарының мамандары әйелді өз баласын сатуға не мәжбүрлегенін анықтап жатыр. Қазіргі кезде «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перзентке зар боп жүрген аналардың кебін кисе қандай күй кешер еді. Аз күндік жалғанда өзге емес өз баласының обалын неге ойламады екен бұл қатыгез ана


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!