Талдықорғанда ұсталған ұры астаналық қыздың өліміне қатысы бар болып шықты

Фотография - Талдықорғанда ұсталған ұры астаналық қыздың өліміне қатысы бар болып шықты

Алматы облысы Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін қолға түсірген 28 жастағы күдіктінің астаналық қыздың өліміне қатысы бар екендігі анықтады

166 0

Алматы облысы Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін қолға түсірген 28 жастағы күдіктінің астаналық қыздың өліміне қатысы бар екендігі анықтады.

Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Кеуде тұсынан бірнеше пышақ жарақатын алған 19 жастағы қыздың денесі Талғар ауданы Қызылту кентінің шеткейіндегі қоқыс арасынан табылған болатын. Анықталғандай, 6 тамыз күні кентке жақын маңда жас жігіт өзінің «Форд-экскорт» автокөлігінің салонында қызды зорлауды көздеп, оған пышақ жұмсаған», - дейді Н.Ораз.

Сол күннің кешінде қыз бала өзінің туыстарына қонаққа бару үшін жолға шығып, таксист ретінде жеткізіп салмақшы болған жігіттің көлігіне отырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!