Алматыда 12 қызды жезөкшелікке тартқан «жеңгетай» істі болды

Фотография - Алматыда 12 қызды жезөкшелікке тартқан «жеңгетай» істі болды

Алматыда 12 қызды жезөкшелікке тартқан 51 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған Алматы қаласында және Алматы облысында жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырды және ұстады деген айып тағылып отыр

237 0

Алматыда 12 қызды жезөкшелікке тартқан 51 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған Алматы қаласында және Алматы облысында жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастырды және ұстады деген айып тағылып отыр.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Криминалдық полиция комитетінің Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында 51 жастағы әйел адамға қатысты ҚР ҚК-нің 271 бабы (Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды

ұйымдастыру және ұстау) бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында жаңа фактілерді анықтады. Оның негізінде әлгі азаматшаның жеңгетайлық және тұлғаларды жезөкшелікпен айналысуға тартқан Алматы қаласының 12 тұрғынынан құралған

ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарғандығы белгілі болып отыр. Аталған топ өз жұмысын Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында жүргізіп келген», - дейді ресми өкіл.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оларға қатысты «қамау» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!