Көкшетауда жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Фотография - Көкшетауда жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Көкшетау қаласы ІІБ ЖБО-ға перинаталдық орталық қабылдау бөлмесінің медбикесінен 20 жастағы қыз бала қатты қан кетіп жатқызылғаны туралы хабар келіп түсті

219 0

Көкшетау қаласы ІІБ ЖБО-ға перинаталдық орталық қабылдау бөлмесінің медбикесінен 20 жастағы қыз бала қатты қан кетіп жатқызылғаны туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қыз тұрып жатқан үйдің бақшасынан нәрестенің мүрдесін тауып алды.

Анықталғандай, 18 қыркүйек күні түнде қыз бала өз үйінде дәретханада отырып, өздігінен босанған, содан кейін нәрестені полиэтилен пакетке салып, бақшаға апарып, тастап кеткен.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!