Пойыздың терезесін сындырғандар ұсталды

Фотография - Пойыздың терезесін сындырғандар ұсталды

 Соңғы уақытта Оңтүстікте пойызға тас лақтырып, терезесін сындыру фактілері жиілеп кетті. Кезекті осындай келеңсіз жағдай апта басында тағы қайталанды. Осыған орай, тәртіп сақшылары дабыл қағып отыр. Қолға түскен күдіктілер де бар

147 0


Соңғы уақытта Оңтүстікте пойызға тас лақтырып, терезесін сындыру фактілері жиілеп кетті. Кезекті осындай келеңсіз жағдай апта басында тағы қайталанды. Осыған орай, тәртіп сақшылары дабыл қағып отыр. Қолға түскен күдіктілер де бар.

9-сыныптың оқушысы Тілеухан – тас лақтырғыштардың бірі. Әдеттегідей темір жолдың манында жүріп, отарбаның әйнектерін таспен сындырғанын мойындап отыр. Енді баласының бұл бұзақылығы үшін ата-анасы жауап береді. Олар теміржол стансасының әкімшілігіне 19 000 тенге шамасында өтемақы төлеуі тиіс.

Шымкент стансасы Ішкі істер желілік бөлім қызметкерлерінің айтуы бойынша, мұндай қылмыстардың 70 пайызы кәмелет жасына толмағандар жасайды. Осыған байланысты, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу жұмыстарын қолға алды - деп хабарлады baq.kz

Мысалы, ағымдағы жылы Шымкент-Қызылсай аралығында екі жасөспірім жолаушылар пойызына тас лақтырып фактісі қолға түскен. Айта кету керек, пойыздардың терезесін сындырғаны үшін ҚР қылмыстық кодексінің 258-бабымен жауапкершілікке тартылады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!