Екібастұз полицейлері ішімдікке мас болған анасының жанынан кішкентай қызды тауып алды

Фотография - Екібастұз полицейлері ішімдікке мас болған анасының жанынан кішкентай қызды тауып алды

«Мектепке жол» іс-шарасы кезінде үй-үйді аралау барысында Екібастұз қаласы ІІД қызметкерлері үйлердің бірінен ішімдікке мас болған анасының жанынан 2010 жылы туған кішкентай баланы тауып алды

192 0

«Мектепке жол» іс-шарасы кезінде үй-үйді аралау барысында Екібастұз қаласы ІІД қызметкерлері үйлердің бірінен ішімдікке мас болған анасының жанынан 2010 жылы туған кішкентай баланы тауып алды.

Тексеру барысында отбасында баланың қалыпты өмір сүруі және дамуы үшін жағдай жасалмағаны анықталды. Анасы ешқайда жұмыс істемейді, ер адаммен бірге тұрады, баспанасы жоқ, ІІБ-да есепке алынған.

Наркологиялық диспансер дәрігерлері әйелдің жағдайын куәландырып, ішімдікке мас болғанын растады.

Қамқорлық және қайырымдылық жасайтын бөлім өкілдері қыз баланы «Кәмелетке толмаған балалар және жасөспірімдерге арналған қамқорлық үйіне» жіберді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Анасына қатысты баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамау бойынша әкімшілік іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!