15 күн құдықта жатқан әйел құтқарылды

Фотография - 15 күн құдықта жатқан әйел құтқарылды

Қытайда тереңдігі 4 метр құдыққа құлап, түбінде 15 күн жатқан әйел құтқарылды.

142 0

Қытайда тереңдігі 4 метр құдыққа құлап, түбінде 15 күн жатқан әйел құтқарылды.

Оқыс оқиға Хэнань провинциясындағы жүгері алқабында болған. Өсімдік жинауға шыққан әйел осы айдың басында жолғалып кеткен болатын.

Құтқарушылар 38 жастағы әйелді Чжунфэн ауылының маңында қараусыз қалған құдықта жатқан жерінен тапқан. Оның көмек сұрап шақырған даусын кездейсоқ өтіп бара жатқан ауыл тұрғындарының бірі естіген. Жиналған жүгері жәшігінің әйелмен бірге құлауы, оның аман қалуына себеп болды. Сондай-ақ ол жаңбыр суын ішіп, шөлін қандырған. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екендігін айтуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!