Алматыда ер адам ЖКО кезінде қызды өлімнен құтқарып қалды (фото)

Фотография - Алматыда ер адам ЖКО кезінде қызды өлімнен құтқарып қалды (фото)

Алматыда ер адам жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қызды автокөлік астына түсіп кетуден аман алып қалды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

168 0

Алматыда ер адам жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қызды автокөлік астына түсіп кетуден аман алып қалды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

ЖКО өткен түні Рысқұлов даңғылының бойында Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жерде орын алды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, «Тойота» автокөлігінің иесі Рысқұлов бойымен шығыс жаққа жүріп келе жатып, тоқтады да өз жұмыстарымен кете барған. Осы кезде рөлге салонда болған қыз отырған.


Рөлге отыра бере газды басып, орнынан жұлқына қозғалған қыз көлікті басқара алмай қалған. Осы кезде өзге қыз жолды кесіп өтіп бара жатқан. Жақын маңда тұрған ер адам қызды итеріп үлгереді. «Тойота» тігінен өтіп барып, дүңгіршекке соғылған. Дегенмен дүңгіршектен ұшқан әйнек сынықтары қызға тиіп, оны жарақаттаған. Зардап шегушіні қалалық ауруханалардың біріне жеткізді.

ЖКО себептерін жол полициясының қызметкерлері анықтауда.


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!