Астаналықтарды милион теңгеге алдаған Қарағанды облысының тұрғыны 3 жылға сотталуы мүмкін

Фотография - Астаналықтарды милион теңгеге алдаған Қарағанды облысының тұрғыны 3 жылға сотталуы мүмкін

Астана тұрғындарына олардың пәтерлерінде жөндеу жүргізіп, дизайнерлік жиһаз қоюға ұсыныс  жасаған Қарағанды облысының тұрғыны 3 жылға сотталуы мүмкін

323 0

Астана тұрғындарына олардың пәтерлерінде жөндеу жүргізіп, дизайнерлік жиһаз қоюға ұсыныс  жасаған Қарағанды облысының тұрғыны 3 жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды елордалық ІІД баспасөз қызметінен.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2013 жылғы 20 қыркүйекте полицияға Астана тұрғыны әйелдің оның ірі көлемдегі ақшасын алдап алып қойғанын айтып, шағымданды.


"Тергеу анықтағандай, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, Қарағандыда жиһаз дайындау цехының директоры болып танысқан. Пәтерге жөндеу жүргізіп, дизайнерлік жиһазбен безендіруге ұсыныс жасап, алдын ала  қалалықтардан ірі көлемде ақша алып отырған ", -делінген полицияның хабарламасында.


Тек Астана аумағындағы қызметінің нәтижесінде әйел азаматтарға қатысты бір әдіспен алаяқтықтың 8 фактісін іске асырған. "Өз іс-әрекетімен ол сенгіш пәтер иелеріне бірнеше миллион теңге залал келтірген. Аталған сомма жәбірленушілердің барлығы полицияға шағымданбағандықтан, бұдан да көп болуы  мүмкін деп болжануда ", -делінген хабарламада.


Күдікті ұсталды, ҚР ҚК 177 бабы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!