Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясы пара алды деген күдікпен ұсталды

Фотография - Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясы пара алды деген күдікпен ұсталды

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте Алматы облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясы А.Нұрбосыновқа қатысты ірі көлемде пара алуға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

118 0

Ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте Алматы облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясы А.Нұрбосыновқа қатысты ірі көлемде пара алуға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Ол 2013 жылғы мамыра, Талдықорған қалалық сотының судьясы бола тұра, Г. деген азаматшадан азаматтық іс бойынша оның пайдасына шешім шығару үшін 3 млн.теңге көлемінде пара алуға оқталды деп айыпталуда»,-делінген хабарламада.

2013 жылғы 19 қыркүйекте Нұрбосынов ұсталды, 21 қыркүйекте ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Бұдан бұрын, 21 қыркүйекте ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты судья лауазымынан босатылған болатын.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!