Алматы облысында жүк пойызы мен трактор қақтығысып қалды

Фотография - Алматы облысында жүк пойызы мен трактор қақтығысып қалды

Алматы облысында темір жол торабында «МТЗ-82» тракторы жүк пойызымен қақтығысып қалды

207 0

Алматы облысында темір жол торабында «МТЗ-82» тракторы жүк пойызымен қақтығысып қалды.

Оқиға Ескелді ауданы Сырымбет ауылында орын алды.

Текеліден Қарабұлақ ауылына қарай жүріп келе жатқан жүк пойызын 52 жастағы машинист айдаған. Ол пойызбен қақтығысатынын біле тұра, оның алдын ала алмаған.

47 жастағы тракторшы жабық бас сүйек-ми зақымы, бас миының шайқалуы, қабырғаларының және бір қолының сынуымен Текелі ауруханасына жатқызылды.

Полицейлер аталған факті бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!