Павлодарда мектеп өртенді

Фотография - Павлодарда мектеп өртенді

Кеше кешкі сағат 18:08-де Павлодар қаласында № 16 мектеп-лицейінің 3 қабатты ғимаратының 1-қабатындағы бастауыш сыныптар блогынан өрт шықты

195 0

Кеше кешкі сағат 18:08-де Павлодар қаласында № 16 мектеп-лицейінің 3 қабатты ғимаратының 1-қабатындағы бастауыш сыныптар блогынан өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Өрт сағат 18:41-де ауыздықталды. Мектептен 48 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішіндегі 20-сы бала. Өртті жоюға ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 техникасы мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды.

Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!