Шымкентте оқушыларды қорқытып ақша алып жүргендер сотталды

Фотография - Шымкентте оқушыларды қорқытып ақша алып жүргендер сотталды

Шымкентте қорқытып оқушылардан ақша алып келген 17 және 18 жастағы екі жігіт сотталды

130 0

Шымкентте қорқытып оқушылардан ақша алып келген 17 және 18 жастағы екі жігіт сотталды.

Шымкенттің Әл-Фараби ауданы прокурорларының мәліметтері бойынша, ересек балалар ақша әкелуге қарсылық білдірген оқушыларды қорқытып, тіпті қол көтеруге дейін барған. Бастапқыда олар оқушылардан 3 мың теңге сұраған, алайда жасөспірімдер ақша бопсалаушыларға 1800 теңге ғана берген. Кейін бұзақылар тағы 4 мың теңге талап еткен. Осыдан кейін ғана оқушылар прокуратураға шағымданып, көмек сұраған.

Бопсалаушылардың бірі 1 жыл алты айға, екіншісі 1 жылға бас бостандығынан айырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!