Тұрғын үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды

Фотография - Тұрғын үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылды

Көкшетау қаласының тұрғыны үйінің кіреберісінен жаңа туған нәресте тауып алды

159 0

Көкшетау қаласының тұрғыны үйінің кіреберісінен жаңа туған нәресте тауып алды.

Сәбиді қытай сөмкесіне салып дәліздегі ескі кір жуғыштың ішіне тастап кеткен. Абырой болғанда, үй тұрғындарының бірі өтіп бара жатып, баланың дауысын естіп қалған. Мамандар оның денсаулығы жақсы деп отыр. Ауруханаға жеткізілген нәрестенің енді анасы іздестіріліп жатыр - деп хабарлады baq.kz


Динара ӘЛЖАНОВАғ Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Баланы жолдасым тауып алды. Оның жылаған дауысын естіген. Нәресте қытай сөмкесіне салынған. Менің ойымша, баланың туылғанына 10 күндей болған. Бірақ, сөмкеден артық зат табылмады.


Анна КОВАЛЕВА, Ақмола облыстық балалар ауруханасының педиатр-дәрігері:

- Баланың жағдайы жаман емес, денсаулығы да қалыпты. Сәбидің тегін «Белгісіз» деп атадық. Дәрігерлік қағаздары да солай рәсімделіп кетті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!