Оңтүстікте көлік ұрлау өршіп тұр

Фотография - Оңтүстікте көлік ұрлау өршіп тұр

Аймақ полицейлерінің мәліметінше, соңғы 8 ай ішінде автокөлік ұрлаудың 160 оқиғасы тіркеліпті. Қарақшылар кісі көлігін жөнсіз тақымға басуды түнгі мезгілде іске асыратындықтан, сақшылар осыған орай түрлі рейдтік шаралар ұйымдастырып тұрады екен

165 0

Аймақ полицейлерінің мәліметінше, соңғы 8 ай ішінде автокөлік ұрлаудың 160 оқиғасы тіркеліпті. Қарақшылар кісі көлігін жөнсіз тақымға басуды түнгі мезгілде іске асыратындықтан, сақшылар осыған орай түрлі рейдтік шаралар ұйымдастырып тұрады екен. 

Жол полициясының инспекторы Самат Тоғаевтың айтуынша, мамандар рейдтік шара барысында жүргізушілерді тоқтатып, құжаттары мен көліктің мемлекеттік нөмірін мұқият тексереді. Бізге берілген ақпаратқа сәйкес күмән туғызатын көліктер болса, көлік нөмірі мен түсін және двигателінің нөмірін құжатпен сәйкестігіне назар аударады екен.

Бүгінгі таңда қолды болып жатқан көлік түрлері негізінен «эконом-класс» санатына жататын немістің «Опель Вектрасы» мен ресейлік машиналар көрінеді.

Ал оқиға орын алатын жер ретінде көп ретте көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары танылуда. Жол сақшылары болса, мұндайда неғұрлым «102» нөміріне ертерек хабар берілсе, ұрланған темір тұлпарды табу соғұрлым оңайға түсетіндігін ескертеді.

Ал ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың айтуынша, ең дұрысы көлікті аула ішіне бейсауат қалдыру емес, тәулік бойы бейнеқабылаумен күзетілетін ақылы тұрақтарға қою болмақ дейді.


 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!