Қарағанды облысында ағайындылар арасындағы жанжалдың арты орны толмас қайғыға ұласты

Фотография - Қарағанды облысында ағайындылар арасындағы жанжалдың арты орны толмас қайғыға ұласты

62 жастағы ер адам өз үйінде пышаққа түсіп, Жаңаарқа аудандық ауруханасына жеткізілді

164 0

62 жастағы ер адам өз үйінде пышаққа түсіп, Жаңаарқа аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Іші пышақпен тілінген ер адамның жанын аман алып қалу үшін дәрігерлер жанталасты-ау, бірақ одан түк шықпады. Тергеу барысында марқұмды өзінің 53 жасар туған ағасы пышақтап өлтіргені анықталды. Бұл қылмысты ағасы да мойындап отыр. Ұсталғанның айтуынша, оның ешқандай арам пиғылы болмаған, інісін ашу үстінде абайсызда өлтіріп алған.

Ағайындар арасында болып тұратын кикілжіңнің кесірінен ашуға бой алдырған ер адамға енді сот алдында жауап беруіне тура келеді. Қазір қандықолға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!