СҚО Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Фотография - СҚО Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

СҚО Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ақылбеков Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концертіне тегін билет талап еткені үшін бар мүлкінің тәркіленуімен 8 жылға сотталды. Мұндай үкімді Петропавл қалалық соты шығарды

189 0

СҚО Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ақылбеков Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концертіне тегін билет талап еткені үшін бар мүлкінің тәркіленуімен 8 жылға сотталды. Мұндай үкімді Петропавл қалалық соты шығарды.

Бұған дейін МТРК жергілікті телеарна хабарлағандай, Ақылбеков биылғы жылдың 19 ақпанында концерт ұйымдастырушысынан 416 мың теңгеге саятын 26 билет түріндегі пара алғаны үшін күдікті деп ұсталды.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне продюсерлік орталықтың басшысы шағымданды. Оның айтуынша, Т. Ақылбеков алдыңғы қатарлардан орын бермесең, концертіңді өткізбей тастаймын деп қоқан-лоқы көрсеткен - деп хабарлады ҚазАқпарат

Нәтижесінде қылмыстық істер бойынша Петропавл сотымен Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына ҚР ҚК екі бабы бойынша, қызметін асыра пайдаланып, қоқан-лоқылықпен пара алды және заңды кәсіпкерліктің қызметіне кедергі келтірді деген айып тағылды.

Сотталушының қорғаушысы соттың шығарған үкімімен келіспей, үстінен шағым жазбақ.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!