Таразда жантүршігерлік қылмыс жасалды

Фотография - Таразда жантүршігерлік қылмыс жасалды

Таразда белгісіз біреулер 64 жастағы азаматты өлтіріп, дүкенді өртеп кетті

159 0


Таразда белгісіз біреулер 64 жастағы азаматты өлтіріп, дүкенді өртеп кетті.

Қанды қол қарақшылардың қолынан қаза тапқан – осы дүкен күзетшісі. Мұндай әрекетке кім және не үшін барғаны қазірге беймәлім. Құнды заттар мен ақшаның ұрланған не ұрланбағаны туралы да нақты ақпарат жоқ. Қазірге көрген білгендер табылмай тұр - деп хабарлады  baq.kz


Зәуірбек ҚОНЫСБАЕВ, сатушы:

- Дүкен өрттеніп жатқанын сағат 4:00-де көлік тұрағынан шығатын көлік иелерінен білдім. Келгенде өрт сөндірушілер төбегі өртпен әлек. Басқа ешнәрсе білмеймін.


Марқұмның денесі қарауыл бөлмесінен табылған. Полицейлер күзетшіні қинап өлтіргенін денесіндегі жарақаттан байқауға болатындығын айтты.


Сыдық МАГАМЕДОВ, марқұмның ағасы:

- Бұрыштық немесе балтамен ұрғанға ұқсайды. Себебі бас жағы қатты жарақаттанған.


Құрылыс тауарларына толы қойманың 15 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Айта кету керек, Қант зауытындағы дүкенде осындай өрт оқиғасы бұған дейін де болған көрінеді. Тек ол кезде өртжанындағы дүкенде болған. Абырой болғанда адам шығыны болмады. Қазір жедел тергеу тобы кісі өлімі бойынша мән-жайды анықтап жатыр.


Гүлчехра ЗИЯУТДИНОВА, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы:

- Ешқандай алдын ала болжам жоқ. Себебі қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Солардың жұмысының қорытындысы бойынша өрттің шығу себебі де, барлығы да анықталады.


Қазір бұл факт бойынша ҚР ҚК 96-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!