Таразда үш бірдей кісі өліміне қатысты қылмыстың беті ашылды

Фотография - Таразда үш бірдей кісі өліміне қатысты қылмыстың беті ашылды

Тараздың шағын аудандарының бірінде болған үш бірдей кісі өлімі қылмысының беті ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен

150 0

Тараздың шағын аудандарының бірінде болған үш бірдей кісі өлімі қылмысының беті ашылды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінен.

«23 қыркүйек күні Тараз қаласының ІІБ полицияның кезекші бөліміне 6-шағын аудандағы пәтерлердің бірінен пышақ сұғылған үш бірдей адамның денесі табылғаны туралы хабар келіп түскен, - деді құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінен. - Жедел тергеу тобы оқиға орнынан жатын бөлмеден 46 жастағы пәтер иесінің, ал ас үйден 39 және 42 жастағы екі әйелдің мәйіттерін тапқан. Олар бұл пәтерді жалдап тұрса керек. Пәтердің іші астан-кестен болып, әр жерде ішімдік бөтелкелері жатқан».

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабы 2-тармағының «а» пункті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді жүргізу үшін криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен құралған топ жасақталды.

«Алдын-ала болжам бойынша, үш адамның өмірін қиған қылмыстың орын алуына қызғаныш себеп болған. Бұл болжам расталды. Марқұм 42 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуінің қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Олар пәтер иесімен бірін-бірі бұрыннан жақтырмаған », - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

А.есімді күдіктіні полиция қызметкерлі Жамбыл облысының Тараз қаласына жақын Амангелді ауылынан ұстаған.

Ұсталған күдікті кінәсін мойындады. Оқиға орнынан қылмысты жасағанын айғақтайтын пышақ табылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Өндірістік ұйымдардың бірінде дәнекерлеуші болып істейтін 49 жастағы ер адамға қызғаныштың салдарынан кісі өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлады Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметінен.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!