Алматыда полиция қызметкері қорғанамын деп, мас жанжалқойды атып жіберді

Фотография - Алматыда полиция қызметкері қорғанамын деп, мас жанжалқойды атып жіберді

Алматыда полиция қызметкері пышақпен қаруланып алған мас адамнан қорғанамын деп, қару қолдануға мәжбүр болған, жанжал шығарған ер адам алған жарақаттардан қайтыс болды

132 0

Алматыда полиция қызметкері пышақпен қаруланып алған мас адамнан қорғанамын деп, қару қолдануға мәжбүр болған, жанжал шығарған ер адам алған жарақаттардан қайтыс болды, деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінінен.

 

Таратылған баспасөз баянына сәйкес, жұма күні таң ертең 102 кезекшілік пультіне әйел хабарласып, көмек сұраған. 

 

«Оқиға орнына патруль қызметінің отряды келді. Үйге келген полиция қызметкерінің біріне мас ер адам пышақ ала жүгірді. Полицейге қару қолдануға тура келді. Алған жарақаттарынан ер адам көз жұмды», - делінген баспасөз баянында.

 

Ер азамат құқық қорғау органдарына хабарласқан әйелдің ұлы болып шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!