Алматыда банктен «Тонау. Көшеге шығыңыздар. Қазір жарылыс болады» деген хат табылған

Фотография - Алматыда банктен «Тонау. Көшеге шығыңыздар. Қазір жарылыс болады» деген хат табылған

Бүгін Алматыда 10:36-да кезекші 102 пультіне «Мерей» сауда үйінің ғимаратында орналасқан БТА банк филиалынан жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен

312 0

Бүгін Алматыда 10:36-да кезекші 102 пультіне «Мерей» сауда үйінің ғимаратында орналасқан БТА банк филиалынан жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Банк қызметкерлері залдан келесі мазмұндағы қысқаша жазылған хатты тапқан: «Тонау. Көшеге шығыңыздар. Қазір жарылыс болады».

Оқиға орнына саперлар мен қаланың шұғыл қызметтері жетті. Банк қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды. Ғимаратты тексергеннен кейін жарылғыш зат пен басқа да заттар табылған жоқ.

Қазір полицейлер бір жапырақ қағазды қалдырған адамды анықтау мақсатында жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!