АҚШ-та қазақстандық студент қайтыс болды

Фотография - АҚШ-та қазақстандық студент қайтыс болды

АҚШ-тың Чикаго қаласында жол көлік оқиғасынан 23 жастағы қазақстандық азамат Талғат Орымбаев көз жұмды. Ол техникалық ЖОО-дың бірінің студенті болған

248 0

АҚШ-тың Чикаго қаласында жол көлік оқиғасынан 23 жастағы қазақстандық азамат Талғат Орымбаев көз жұмды. Ол техникалық ЖОО-дың бірінің студенті болған. Көшені қиып өтпек болған кезінде жерлесімізді көлік қағып кеткен. Ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенімен, Талғатты аман алып қалу мүмкін болмады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Талғат емдеу орталығында бірнеше күн бойы хал үстінде жатқан. Оның оқуды бітіруіне небәрі 1 ай ғана уақыт қалған екен. Марқұм Көкшетаудағы үйіне қайтуды жоспарлап, дайындалып жүріпті. Қазір Талғаттың достары ақша жинап, оның денесін елге алып келуге қамданып жатыр. Қазір қажетті 15 мың доллардың 8 мыңы жиналған.

Ал, Талғаттың анасы болса АҚШ-қа ұшып кетті. Кетер алдында ол ҚР СІМ-не хат жазып, ұлының денесін Чикагодан Көкшетауға жеткізіп беруін өтініпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!