Алматыда ақша тасымалдаушыларға шабуыл жасағандар мектептің бейне камерасына түсіп қалған

Фотография - Алматыда ақша тасымалдаушыларға шабуыл жасағандар мектептің бейне камерасына түсіп қалған

Алматыда ақша тасымалдаушы күзетшілерге шабуыл жасап, адам өлтірді деген фактімен іздестіріліп жатқан күдіктілер қаладағы мектептердің біріндегі бейне камераға түсіп қалды

238 0

Алматыда ақша тасымалдаушы күзетшілерге шабуыл жасап, адам өлтірді деген фактімен іздестіріліп жатқан күдіктілер қаладағы мектептердің біріндегі бейне камераға түсіп қалды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев мәлім етті.

Бұдан бұрын, 26 қыркүйекте Алматыда Желтоқсан және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысында белгісіз біреулер ақша тонау мақсатында инкассаторларға шабуыл жасап, оның салдарынан инкассаторлардың бірі оқиға орнында мерт болғандығы, екіншісінің халі мүшкіл екендігі хабарланған еді.

Вице-министрдің айтуынша, күзетшілерге шабуыл жасаған қарулы қаскүнемдер екеу болған. «Олар жүріп өткен жолдың бойында мектептердің бірінің бейне камерасына түсіп қалды. Бүгінде күдіктілердің бейнесі бізде бар. Енді оларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,-деді Е. Тұрғұмбаев.

Сонымен қатар вице-министр бұл оқиға салдарынан зардап шеккен мен опат болған азамат инкассатор емес екендігін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!